ЖАПОНИЯНЫҢ ЭЛЕКТР КӨЛІКТЕРГЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ КӨШУІ:ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ТӘЖІРИБЕ МЕН МҮМКІНДІКТЕР

Авторы

DOI:

https://doi.org/10.63051/kos.2026.1.156

Ключевые слова:

жаңа электр көліктер, гибридті көліктер, таза электрлі көліктер, Қазақстан-Жапония ынтымақтастығы, өнеркәсіптік саясат

Аннотация

Мақалада Жапонияның электр көліктерге көшу стратегиясы мен оның Қазақстан үшін тәжірибелік және стратегиялық маңызы талданады. Зерттеудің мақсаты – Жапонияның электр көлік саласындағы саясатынан алынған сабақтарды сараптап, оны Қазақстан жағдайында тиімді қолдану жолдарын ұсыну. Зерттеудің жаңалығы – Жапонияның соңғы жылдардағы инфрақұрылымдық реформалары мен технологиялық трансформацияларын Қазақстанның дамушы электр көлік нарығымен салыстырмалы түрде талдау. Зерттеу барысында салыстырмалы талдау, контент-талдау және ресми статистикалық деректерді жинау әдістері қолданылды. Мақаланың ғылыми міндеттері – Жапонияның мемлекеттік қолдау саясатын, ғылыми-зерттеу бастамаларын және нарықтық реттеу құралдарын сипаттау арқылы Қазақстан үшін нақты ұсыныстар жасау. Практикалық маңыздылығы – Қазақстанда электр көлік өндірісі мен инфрақұрылымын дамытуда Жапония тәжірибесін бейімдеп қолдану мүмкіндіктерін көрсету. Зерттеу нәтижесінде Жапонияның технологиялық кешігулерінің себептері, сондай-ақ қазіргі қайта жаңғыру саясатының негізгі бағыттары анықталды. Қазақстан үшін зарядтау инфрақұрылымын кеңейту, ғылыми орталықтармен ынтымақтастық орнату және жасыл сутегі өндірісін ілгерілету секілді нақты ұсыныстар ұсынылды. Сонымен қатар, Жапониядағы кадрлық мәселелер мен батарея технологияларындағы өзгерістер Қазақстан үшін сабақ бола алады. Бұл тәжірибе ұлттық инновациялық стратегияны дамытуда маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастырылуы тиіс.

Биография автора

Ерлан Ахапов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Ахапов Ерлан Абдиевич, PhD., қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан. 

Загрузки

Опубликован

2026-03-17

Выпуск

Раздел

Страны Востока в международных отношениях

Похожие статьи

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 > >> 

Вы также можете начать расширеннвй поиск похожих статей для этой статьи.