КОММЕНТАРИИ АЛЬ-ИСБИДЖАБИ К АЛЬ-ДЖАМИ АС-САГИРУ КАК ПРИМЕР ХАНАФИТСКОЙ ПРАВОВОЙ ЛИТЕРАТУРЫ ИЗ ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ
DOI:
https://doi.org/10.63051/kos.2025.4.234Ключевые слова:
аль-Испиджаби, аль-Джами‘ ас-Сагир, фикх, ханафитский мазхаб, исламское право, Центральная Азия, исламская наука, правовая традицияАннотация
Мақаланың мақсаты – Орталық Азияның көрнекті ханафи фақиһы, «Шарх әл-Жами‘ ас-Сағир» атты түсіндірменің авторы Әбу әл-Әзһар Мұхаммед ибн Ахмад әл-Испиджабидің (х. 500/1106 ж.) ғылыми мұрасын таныстыру және ғылыми айналымға енгізу. Зерттеудің маңызы – әл-Испиджабидің еңбегі ислам құқығының сирек кездесетін дереккөзі болып табылады, ол тек қолжазба күйінде сақталған және осы уақытқа дейін сыни зерттеуге ұшырамаған.
Зерттеудің жаңалығы – еңбектің құрылымы мен мазмұнын жан-жақты талдау, автор сүйенген дереккөздері мен әдістемелік ерекшеліктерін анықтау, сондай-ақ ханафи мазхабының құқықтық дәстүрін дамытуға қосқан үлесін бағалау.
Ғылыми міндеттерге түсіндірменің ерекшеліктерін ашу, автор қолданған түсіндіру әдістерін талдау және оның мұрасының қазіргі исламтану ғылымы үшін практикалық мәнін айқындау жатады. Жұмыстың практикалық құндылығы – мәтін мен оған қатысты мәліметтерді ғылыми айналымға енгізу арқылы фиқһты салыстырмалы тұрғыдан зерттеуге жаңа мүмкіндіктер ашу.
Зерттеу әдістемесі екі қолжазба нұсқасын қарастыру мен салыстыруға, тахқиқ қағидалары мен академиялық талдауды қолдануға негізделген. Бұл тәсіл мәтін мазмұнын нақтылауға және оның өзіндік ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді.
Зерттеу нәтижелері әл-Испиджабидің еңбегі фиқһ тарихының құнды дереккөзі болып табылатынын және ислам құқығы саласындағы болашақ салыстырмалы зерттеулер үшін маңызды материал екенін көрсетеді.
Түйін сөздер: әл-Испиджаби; «Шарх әл-Жами‘ ас-Сағир»; фиқһ; ханафи мазхабы; қолжазбалар; ислам құқығы; тахқиқ; Орталық Азия; ислам ғылымы; құқықтық дәстүр.






