ЭТАПЫ РАЗВИТИЯ СИСТЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ КАЗАХСТАНА И МЕЖДУНАРОДНАЯ ИНТЕГРАЦИЯ (НА ПРИМЕРЕ КИТАЯ И ЯПОНИИ)

Авторы

DOI:

https://doi.org/10.63051/kos.2024.1.42

Ключевые слова:

отечественное образование, реформы в области науки, миграция знаний, юридически-правовые основы, интеграция образования.

Аннотация

Мақала Қазақстанның Қытаймен және Жапониямен қарым-қатынасын Қазақстанның білім беру және ғылыми саласының құрылымы мен ерекшеліктерін сипаттау негізінде зерттеуді мақсат еткен. Осы мақсатқа сай төмендегідей міндеттер алға қойылған: Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдердегі білім және ғылым саласында алып барған реформалары негізінде жеткен жетістіктері; отандық білім мен ғылымның өзіндік  ерекшеліктері мен құрылымдық жағдайлары; сондай-ақ Қазақстандағы білім мен ғылым саласындағы соңғы жаңалықтарын қарастыру. Мақалада Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тығыз қарым-қатынастарға негіз болған құқықтық және институционалдық алғы-шарттар, үкіметтік деңгейде қол қойылған келісім-шарттар және көп жақтылы келісімдер қарастырылып, оның ішінде экономикалық, мәдени және білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықтар қамтылған.  Бұл мазмұндар мақаланың өзіндік жаңалығы болып табылады.

 Мақалада негізгі нәтижелер ретінде мына тұжырымдарды қарастыруға болады. Біріншіден, Қытайдың Қазақстанның білімі мен ғылым жүйесіне жасап отырған ықпалы артып келеді. Бұны қазақстанда қытай тілін үйренушілердің артуы, қытай тілін оқытатын орталықтардың көбеюі, Қытайға барып білім алушы студенттер санының жыл сайын артуы және Қазақстандағы кітап дүкендері мен кітапханаларында қытай тіліндегі әдебиеттердің сатылуы жолға қойылуы секілді жағдайлармен сипаттауға болады.

Екіншіден, Жапония мен Қазақстан арасындағы білім және ғылым саласындағы қарым-қатынастары қазіргі кезде тек даму үстінде екендігі, алайда даму болашағаның зор екендігін көрсетеді. Себебі, Жапония Қазақстанның сыртқы саясаты мен экономикалық ынтымақтастықта маңызды ел. Сондықтан Қазақстан мен Жапония арасындағы білім және мәдениет саласындағы қатынастардың қазіргі деңгейденде жоғары болу ықтмалдығының толық негізі бар екендігі тұжырымдалады.

Загрузки

Опубликован

2024-04-25

Выпуск

Раздел

Страны Востока в международных отношениях

Похожие статьи

1 2 3 > >> 

Вы также можете начать расширеннвй поиск похожих статей для этой статьи.